Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдығына орай еске алу ...

Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдығына орай еске алу кеші өтті

30.09.2025

648

Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдығына орай еске алу кеші өтті - adebiportal.kz

ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті қаламгер, қаламы қарымды журналист, аудармашы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдығына орай «Ұшқыр ойлы, дара Дидахмет» атты еске алу кеші өтті. 

Кеш барысында Д.Әшімханұлының ІІ томдық публицистикалық шығармалар жинағының таныстырылымы өтіп, тұсауы кесілді.

Еске алу кешіне жазушының жары Лиза, ұлы Дәулет, қаламгерлер қауымы, оқырмандар қатысты. Кешті Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов ашып беріп, жүргізіп отырды. 

-Қазақ әдебиетін бір кісідей сүйген, бір кісідей білген Дидахмет Әшімханұлы – жазу стилі ешкімге ұқсамайтын қаламгер. Ол әдебиетте ғана емес, қазақ журналистикасында да үлкен із, өзіндік қолтаңба қалдырды. Оқырмандар оның публицистикалық дүниелерінің өзін көркем әдебиет оқығандай тұшынып оқиды, жүрегіне жылы қабылдайды. Қазақ барда, қазақ әдебиеті барда Дидахметтің артында қалған ұлы мұра ұмытылмайды деп есептеймін,- деді М.Құлкенов өз сөзінде.

Кеш барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенова, ақын Ұлықбек Есдәулет, ғалым Кенжехан Матыжанов, суретші Еркін Нұразхан, сыншы Әлия Бөпежанова, Д.Әшімханұлының ІІ томдық публицистикалық шығармалар жинағының редакторы Дина Имамбай қаламгер туралы естеліктерін ортаға салды.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Суреттер ҚР Ұлттық кітапханасынан алынды

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan