Елордада «шетелдегі қазақ әдебиеті» дәрісханасы ашылды

Іс-шара аясында ғалым әрі жазушы Серік Елікбайдың Зейнолла Сәніктің өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазаққа қайтқан қазына» атты монографиясының тұсаукесері өтті. 

127

Елордада «шетелдегі қазақ әдебиеті» дәрісханасы ашылды - adebiportal.kz

Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Филология факультетінде көрнекті жазушы, ғалым, этнограф Зейнолла Сәнік атындағы орталық пен «Шетелдегі қазақ әдебиеті» дәрісханасы ашылды.

Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының қолдауымен жүзеге асқан игілікті бастаманың мақсаты – шетелдегі қазақ қаламгерлерінің шығармашылығын зерттеу, ұлттық әдеби мұраны насихаттау және жас зерттеушілердің ғылыми ізденістеріне қолдау көрсету. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов, ЕҰУ ректорының міндетін атқарушы Абзал Талтенов, Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының құрылтайшысы Қанат Зейноллаұлы, қордың атқарушы директоры Серік Қалиев, көрнекті ғалымдар, жазушылар, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов өз сөзінде орталықтың ашылуы қазақ руханияты мен отандық ғылым үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ Зейнолла Сәніктің әдеби мұрасымен қатар, этнографиялық еңбектерінің де ұлттық мәдениет үшін құндылығы жоғары екенін жеткізді. Қаламгердің есімімен аталатын дәрісханада жас ұрпақтың білім алуы – көрнекті тұлғаның мұрасын ұлықтаудың және оны келешек буынға жеткізудің маңызды қадамы.

Іс-шара аясында ғалым әрі жазушы Серік Елікбайдың Зейнолла Сәніктің өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазаққа қайтқан қазына» атты монографиясының тұсаукесері өтті. 

Сонымен қатар қаламгер мұрасын зерттеп, насихаттауға үлес қосқан Серік Елікбай мен Серікзат Дүйсенғазыға Зейнолла Сәнік атындағы төсбелгі табысталып, Еуразия ұлттық университетінің үш студентіне аталған қордың бір жылдық шәкіртақысы тағайындалды. Жаңа орталық шетелдегі қазақ әдебиетін жүйелі зерттеуге, әдеби-мәдени байланыстарды нығайтуға және ұлттық рухани мұраны кеңінен танытуға қызмет ететін ғылыми-шығармашылық алаңға айналмақ.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan