Энн Карсон. Уағызшының қалашығы

Әдебиет саласындағы биылғы Нобель сыйлығы 1950 жылы Канаданың Торонто қаласында дүниеге келген ақын Энн Карсонға (Anne Carson) бұйырды. Қаламгердің «Ғашықтық ғазалы», «Әйнек, сатира және Құдай», «Жайдақ су», «Жұмыстан қайтқан еркек» сынды шығармалары бар. 

27

Энн Карсон. Уағызшының қалашығы - adebiportal.kz
Фото ЖИ көмегімен жасалды.

Автордың «Қалашық тұрмысы» атты жыр жинағынан.

Бақилық боп арадан сен кеткелі, 

Сумаң жел күн құрғатпай ызыңдайды. 

Там боп тосып ары өткен, бері өткенді,

Жоғалмайды, не тіпті, бұзылмайды. 

Осы жолмен жүреміз бір қырындап, 

Миземес там ойыңа тым көнбейді,

Айғайла, талас тіпті, итше ырылдас,

Далбасалық, бәрінен түк те өнбейді.

Арамызда кеңістік те қатып қалған, 

Сүркейлі, сұрқы бөтен, мұздай суық. 

Арасы бос, іші қуыс, бәрі жалған, 

Тас қараңғы, кетпейді тұрсаң қуып. 

Секілді мұң мен нала кәрі әженің, 

Санаулы сар тісінің арасындай. 

Танысқан сол шағыңда, бұл бойжеткен,

Сылқылдаған, өжет еді-ау санасы бай.

Қытай тілінен аударған Қаусылхан Қасымханұлы.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan