Есболат Айдабосын. Бүкір – өмірде болған ат
«Әдебиет порталының» «Сәті түскен сұхбатына» жазушы, «Сүлікқара», «Қызыл сақа», «Тибет аруы», «Ит тірлік» проза жинақтарының авторы, «Janr» Жетісу әдеби клубының президенті Есболат Айдабосын келді. Бұған дейін «Алтын қалам», «Алтын тобылғы», «Алтын тұғыр», т.б. әдеби сыйлықтарының иегері Есболат Айдабосын өткен аптада «Mecenat.kz» байқауының жеңімпазы атанған еді. Сұхбатта автордың жүлдегер шығармасы «Бүкір» романы жайлы айтылды.
