Астана күні қарсаңында Қаламгерлер аллеясында Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласы филиалы бірлесіп ұйымдастырған «Есілдің ерке толқыны» атты поэзия кешінде ақындар мен жырсүйер қауым бір арнада тоғысты.


Кешке ақындар Ғалым Жайлыбай, Әбжан Әбілтай, Мұхарбек Жәкейұлы, Мақпал Мыса, Толқын Қабылша, Ұмтыл Зарыққан, Батырхан Сәрсенхан, Сәнді Ақылай, Олжас Сәндібек, Айжан Тәбараққызы, Саян Есжан, Мәрлен Ғилымхан және өзге де қаламгерлер қатысып, жүрекжарды жырларын оқыды.
Сөз өнері салтанат құрған бұл кеш елорданың мәдени өміріндегі жарқын рухани оқиғалардың біріне айналып, Астана күніне арналған жырлар арқылы көрерменге ерекше әсер сыйлады.
