Францияда Қазақстан киносы күндері басталды

Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында Парижде Қазақстан киносы күндері басталды. 17-19 қыркүйек аралығында француз көрерменіне отандық киноның классикалық туындылары мен заманауи фильмдер ұсынылады. 

71

Францияда Қазақстан киносы күндері басталды - adebiportal.kz

Кино күндері көрнекті режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Алты жасар Алпамыс» фильмімен басталды. Режиссердің туғанына 100 жыл толуына орай туындының 4K форматында реставрациядан өткен нұсқасы көрсетілді. Заманауи қазақстандық кино «Qaitadan» және «Игроманка» фильмдерімен таныстырылады. Екі туынды да мемлекеттік қолдаумен түсірілген.


Француз көрермені Қазақстан киносы күндері аясында отандық кинематографияның әр жылдары түсірілген туындыларын тамашалайды. Бағдарламада қазақ киносының классикалық туындыларымен қатар, жаңа буын авторларының кейінгі жылдардағы жұмыстары да қамтылған.
Сондай-ақ бағдарлама аясында қазақстандық кинематографистер француз көрерменімен шығармашылық кездесулер өткізіп, екі елдің кино саласындағы кәсіби байланыстары мен мәдени диалогты дамыту жайын талқылайды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметі

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan