Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
II Республикалық «Шәкәрім оқулары» мәреге жетті...

27.03.2024 1014

II Республикалық «Шәкәрім оқулары» мәреге жетті 12+

II Республикалық «Шәкәрім оқулары» мәреге жетті - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен «Adal as» өндірістік компаниясының ұйымдастыруымен еліміздің барлық аумағын қамтыған рухани іс-шара биыл екінші рет өткелі отыр. Байқауға еліміздің барлық аумағынан 2000-нан аса үміткер қатысып, ерекше белсенділік танытты. 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен, «Adal as» өндірістік компаниясының демеушілік етуімен еліміздің барлық аумағын қамтитын рухани іс-шара биыл екінші рет кең көлемде аталып өтті. 

Шараның мақсаты – оқушыларды Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасымен танысуға, оны әрі қарай зерттеуге ынталандыру. Шәкәрім шығармаларын насихаттау, оның терең философиялық еңбектерін ұрпақтың түсініп, ой түюіне мүмкіндік беру. 

«Шәкәрім оқулары» II республикалық байқауы 2 кезеңнен тұрды:

1 кезең: Облыс аралық байқау

2 кезең: Республикалық байқауда әр облыстан үздік атанған 1 оқушы Астана қаласында өткен финалдық байқауда бақ сынады.

Байқау ойшыл, ғұлама  Шәкәрім Құдайбердіұлы  шығармаларын насихаттауға, республика аумағында Шәкәрім өлеңдерін жаттауды қолға алуға арналды. Республикалық байқауға 17 облыстан  19 кітапхана қатысты. Байқауда 5-8 сынып аралығындағы 18 жасөспірім өзара бақ сынасты.

Байқаудың әділқазылар алқасында ақын, филология ғылымдарының кандидаты, профессор – Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы, «Шәкәрім оқулары» II республикалық байқауының өтуіне қолдау білдіріп, демеушілік көрсеткен кәсіпкер, «Адал ас» корпорациясының президенті – Ермек Асылғазинұлы Мезібаев және Абайтанушы, Абай академиясы ғылыми-зерттеу институтының директоры  – Әубәкір Жандос Мағазбекұлы, ақын, ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреты – Қалқаман Сарин, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директоры – Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы болды. 

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Астана қаласының 5 сынып оқушысы Қилымбекұлы Едіге алды, 1 орынды Тараз қаласының 7 сынып оқушысы Әділахмет Әдия, 2 орынды Батыс Қазақстан облысынан келген, 8 сынып оқушысы Ислямқызы Кәусар, 3 орынды Абай облысынан 5 сынып оқушысы Әлібек Айару сынды жеңімпаздарға және өзге қатысушыларға демеушілер есебінен бағалы сыйлықтар берілсе, жетекшілері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Аталған шараға Шәкәрімтанушы ғалымдар, белгілі қаламгерлер мен әдебиетшілер, қоғам қайраткерлері, облыстардан үздік шыққан оқушылар, ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар