Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
СӨЗ ДАУЫСЫ
/
Интеллектуалды әдебиет деген не?...

Интеллектуалды әдебиет деген не?

27.11.2025

4438

Интеллектуалды әдебиет деген не? - adebiportal.kz

Шығармадағы жалаң баяндау емес экзистенциялық сұрақтарға жауап іздеу – бұл интеллектуалды әдебиет. «Әдебиет порталының» «Ұлт оқитын 100 кітап» YouTube жобасының кезекті шығарылымына қонақ болған белгілі әдебиеттанушы Баян Керімбекова осындай анықтама берді

Интеллектуалды әдебиет оқырманның санасын өсіреді. Автор оқырманның деңгейіне емес, керісінше оқырманды өз деңгейіне сүйрейді. Яғни интеллектуалды ойлар шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті мен олардың айтар сөзінен көрінеді. Оқырман әр ғылымның саласынан энциклопедия оқығандай ақпарат алады. Сол арқылы қалың оқырманға ізденуге түрткі болатын әдеби шығармалар – интеллектуалды әдебиет болса керек. 

«Интеллектуалды шығарма жазатын автордың өзі интеллектуал болу керек. Мәселен, Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» романы осындай туынды . Шығармада автордың күй тарихы, ұлт өмірі мен дүниетанымы жөніндегі кесек тұжырымдары бейнеленген. Неге?  Себебі, қаламгер – музыкатанушы, этнограф. Бұл шығармада мистикалық элементтер бар. Жазушы шежірешіл қариялардың ғана аузында қалған күй аңыздарды қайта жаңғыртып, оқырманға ұсына білген», - деп ой түйеді әдебиеттанушы Баян Керімбекова.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan