Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында IV Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Төртінші рет ұйымдастырылған байқауға биыл 13 облыс пен Астана және Алматы қалаларынан 5–8 сынып аралығындағы 2000-ға жуық оқушы қатысып, жоғары белсенділік танытты. Облысаралық кезеңде үздік деп танылған 15 оқушы елордада бас қосып, шешуші кезеңде бақ сынады.
Шараның ашылуында байқаудың демеушісі, кәсіпкер, «Адал ас» корпорациясының президенті Ермек Асылғазыұлы Мезібаев сөз сөйлеп, жобаның өскелең ұрпақтың рухани дамуына қосар үлесін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазылар алқасының құрамында тәуелсіз сарапшылар, әдебиеттанушылар мен шәкәрімтанушы ғалымдар болды.


Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Жетісу облысы, Қаратал ауданынан келген 5 сынып оқушысы Жасбатыр Жанәділ иеленді. І орынды Абай облысы, Аягөз ауданынан келген 5 сынып оқушысы Аружан Сқақ жеңіп алды. ІІ орын Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының 7 сынып оқушысы Айназым Болатқа бұйырды. ІІІ орын Алматы облысы, Қарасай ауданының 7 сынып оқушысы Амантай Қанатбекке табысталды.



Жеңімпаздар демеушілер есебінен бағалы сыйлықтармен марапатталып, жетекшілеріне арнайы алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар, Ермек Асылғазыұлы ерекше өнер көрсеткен бірқатар қатысушыларға ақшалай ынталандыру сыйлықтарын ұсынды. Олардың қатарында Қостанай облысы, Жангелдин ауданынан Бақтылы Жақсылық, Ұлытау облысынан Еркенұр Серікжанқызы, астаналық Айару Алимжон, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданынан Кенесары Марат және алматылық Жасмин Сәбит бар.








