Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
«Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өт...

«Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

15.04.2026

83

«Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті - adebiportal.kz

2026 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару академиясында «Кекілбаев тұлғасы атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

 Қазақ руханиятының дамуына үлкен үлес қосқан қаламгер, Қазақстанның Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен қызметіне арналған бұл кітаптың тұсаукесер рәсіміне жазушының ұрпақтары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Бүгінгі іс-шараның мақсаты – мемлекетшіл тұлға, көрнекті жазушы Әбіш Кекілбайұлының саналы ғұмырындағы өнегелі іс-қызметін бүгінгі таңда мемлекеттік қызметке қызығушылық танытып жүрген жастарға үлгі ретінде насихаттау екен. Сонымен бірге Әбіш Кекілбайұлының заңғар тұлғасын, адами қалпын, соңына қалдырған сан салалы мол мұрасын бүгінгі ұрпаққа дәріптеп, жұртшылық жадында жаңғырту болды. 

Бүгінгі тұсаукесер рәсімінде құттықтау сөз сйөлеген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қазіргі жаңа буын мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық әлеуетін дамыту бағытында атқарылатын жүйелі істер «Тұлғатану» жобасы аясында жүргізіліп отырғанын, бүгінгі іс-шара соның айқын мысалы екенін атап өтті.

Агенттік төрағасы Әбіш Кекілбайұлының биік азаматтық тұлғасы турасындағы: «Әбіш Кекілбайұлы нағыз тау тұлғалы азамат еді. Ол ішкі мәдениеті өте жоғары жан болатын. Онымен тілдескен адамдар рухтанып, қанаттанып шығатын. Бір сөзбен айтсақ, Әбіш Кекілбайұлы нағыз зиялы адам, кемеңгер тұлға болды», - деген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін келтіре отырып, осы бір кемел тұлғаның өмір жолы өнімді де терең шығармашылық пен қызық-қиындығы мол мемлекеттік қызметті қатар алып жүруімен ерекшеленетініне баса тоқталды. Әбіш Кекілбайұлының кешегі сындарлы жылдары, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы кезеңінде Жоғарғы Кеңес Төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Парламент депутаты сияқты жауапты қызметтерді абыроймен атқара жүріп, жас мемлекеттің егемендігін сақтап, гнығайтуға өлшеусіз үлес қосып, қажыр-қайратын жұмсағаны, осы арқылы мемлекеттік басқару жүйесін ретінде ел дамуына елеулі үлес қосып, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жолында айтулы іс тындырғанын айрықша атап өтті.

Тұсауы кесіліп отырған бұл кітапта сан қырлы тұлға Әбіш Кекілбайұлы өмірінің әр кезеңі, шығармашылық және қоғамдық-саяси қызметі, тұлғалық қалыптасу жолы кезең-ретімен, жан-жақты тиянақты жүйелене көрсетілген. Сонымен қатар, Әбіш Кекілбайұлының адамгершілік қасиеттері, күрделі кезеңдерде шешім қабылдаудағы көрегендігі, мемлекетшілдік бағыттағы айнымас ұстанымы, көп ұлтты жас мемлекеттің ішкі бірлігі мен татулығын нығайтуға сіңірген еңбегі тарихи деректер арқылы баяндалады. Жазушы, қайраткердің көзін көрген, тізе қоса қызмет атқарған замандастарының естеліктері, пікірлері арқылы дәйектелген. 

Кітап авторлары – Ұлан Айхожа мен Абай Сейфулла. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Тұлғатану» бағыты аясында бұған дейін «Сапарбаев тұлғасы» кітабы құрастырылып, оқырмандар тарапынан оң бағасын алған болса, бүгінгі тұсауы кесілген «Кекілбаев тұлғасы» кітабы осы рухани сабақтастықтың заңды жалғасы болып отыр «Тұлғатану» бағыты бойынша .жүзеге асырылып отырған бұл игі іс бұдан кейін де жалғасын таба бермек.  


Фотосуреттерді ҚР Мемлекеттік басқару академиясы баспасөз қызметі ұсынды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan