Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Kitap fest kids 2022 дәстүрлі кітап фестивалі өтед...

02.11.2022 2107

Kitap fest kids 2022 дәстүрлі кітап фестивалі өтеді 14+

Kitap fest kids 2022 дәстүрлі кітап фестивалі өтеді - adebiportal.kz

Алматыда жылдың ең ауқымды Kitap Fest Kids кітап фестивалі өтеді. Қарашаның бесіне жоспарланған кітап думаны биылғы балалар жылына орай ұйымдастырылып отыр. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «BAURZHAN foundation» қоры өткізіп жатқан «Kitapfest» кітап фестивалі - 2014 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі мәдени-бұқаралық іс-шара. 8 жыл ішінде KitapFest-те танымал қазақстандық авторлар мен баспагерлердің қатысуымен 150-ден астам кітаптың тұсаукесері өткен. Бұл жоба сегіз жыл ішінде шығармашылыққа құштар жандар үшін ауқымды әрі бірегей алаңға айналып үлгерді.

Биылғы Kitap Fest kids фестивалі Қазақстандағы балалар жылына арналған, сондықтан іс-шара ауқымды балалар бағдарламасын қамтиды. Оның ішінде Лилия Клаус, Гүлнар Жандыбаева, Гүлжан Сәрсенова, Әсел Сапақоважәне тағы басқа көптеген балалар жазушыларымен кездесу, «Таңыс болайық!Батыр», «Бөлісу деген- бақыт», «Бату мен оның достарының шытырман оқиғалары» сынды жаңа туындылардың тұсаукесері өтеді.

Kitap Fest Kids бағдарламасы:

  • Кітап алмасу,   сөрелерді әртүрлі жанрдағы қызықтыкітаптармен толықтырудың бірегей мүмкіндігі.
  • Жазушылар шатыры,  отандық жазушылар өз кітаптарын таныстырып, пікір алмасады.
  • «Офлайн кітаптар туралы» шатыры, танымал балалар жазушылары, блогерлер және табысты әйелдер қауымы өз тәжірибелерімен бөліседі.
  • Кітап жәрмеңкесі, кітап дүкендері, баспагерлер және интернет-дүкендері өз өнімдерін көрмеде ұсынады, Фестиваль барысында қалаған әдебиетті 20% - ға дейін жеңілдікпен сатып алу.
  • Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы, аниматорлар, театр қойылымдары, шеберлік сыныптары, аквагрим мен түрліқызықты байқаулар келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйламақ.

Сондай-ақ, фестивальде алғаш рет «Ауылға кітап» акциясы өтеді, онда кез-келген оқырман өз кітабын  Қазақстанның ауылдық кітапханаларына өткізе алады.

Анықтама: BAURZHAN Foundation әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Қазіргі KITAP FEST KIDS фестивалінің мақсаты-балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырман мәдениетін дамыту, жазушылар мен олардың оқырмандары үшін бірыңғай алаң құру.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар