«Кітап оқитын ұлт» марафоны бір миллионнан астам адамды қамтиды

Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттайтын маңызды меморандумға қол қойылды.

156

«Кітап оқитын ұлт» марафоны бір миллионнан астам адамды қамтиды - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры ұлттық әдебиетті қолдау, оқырман қатарын арттыру және отандық кітап индустриясын дамыту бағытында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш бастама Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында қолға алынып отыр. Бұл елдегі кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттайтын маңызды жобалардың біріне айналмақ.

Ынтымақтастық аясындағы ауқымды бастаманың бірі – республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны. Биыл марафонға бір миллионнан астам адамды тарту жоспарланған. Қатысушылар арнайы ұсынылған тізімдегі қазақ және орыс тілдеріндегі 300-ден астам шығарманың ішінен таңдау жасап, 15 кітапқа дейін оқи алады. Нәтижесінде жоба аясында оқылым санын 15 миллионға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Меморандум аясында форумдар, фестивальдер, кітап көрмелері, шығармашылық кездесулер, дәрістер, семинарлар және өзге де мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылады. Олардың барлығы кітап оқуды кеңінен дәріптеуге, отандық қаламгерлер мен баспаларды, кітап саласын қолдауға, әдебиет пен креативті индустрия арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan