Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
«Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасы жүзеге асырыла ба...

«Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасы жүзеге асырыла бастады...

17.10.2025

4776

«Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасы жүзеге асырыла бастады... - adebiportal.kz

Мемлекет Басшысының Ұлттық құрылтайда жариялаған «Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен «AMANAT» партиясы арасында өзара Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған құжат мемлекеттік қызметшілер арасында оқу мәдениетін дамытуға, олардың жеке және кәсіби әлеуетін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағытталған.

Жобаның негізгі миссиясы – Қазақстанды әлемдегі ең көп оқитын он елдің қатарына қосу.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында халық арасында тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған пилоттық жоба іске қосылды. Пилоттық жоба Қарағанды, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні жобаға 189 мыңнан астам қатысушы тіркелді. Олардың қатарында оқушылар, студенттер, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер мен әулеттік қатысушылар бар.

Қатысушылар қазақ және орыс тілдеріндегі жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай бейімделген 15 кітаптан тұратын тізімдегі шығармаларды оқу және талқылау бойынша сайысқа түсуде. Бағдарламаға «Қазақ әдебиетінің 100 танымал кітабы» ұлттық рейтингіне енген туындылар мен әлемдік бестселлерлер енгізілді.

Қол қойылған Меморандумға сәйкес тараптар жыл сайын «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» байқауын және мемлекеттік қызметшілер арасында оқуды насихаттауға бағытталған бірлескен ағартушылық іс-шараларды өткізуге уағдаласты.

Пилоттық кезеңнің оң нәтижелерін ескере отырып, 2026 жылы жоба елдің барлық 20 өңірінде кеңейтіле жүзеге асырылмақ.

Бастамаға Қазақстанның 1 миллионнан астам азаматы қатысады деп болжануда.

«Кітап оқитын ұлт» бастамасы қоғамның зияткерлік әлеуетін дамытуға, қоғамдық сенімді арттыруға және Қазақстанның оң имиджін нығайтуға бағытталған.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan