«Кітап оқитын ұлт» жобасының әнұраны таныстырылды
Әнұран мен бейнебаян цифрлық форматта көпшілікке ұсынылды.
Республика күні қарсаңында «Кітап оқитын ұлт» жобасының әнұраны мен бейнебаяны жарық көрді.
Туынды кітап оқу мәдениетін дәріптеп, білімнің қоғам дамуындағы маңызын насихаттауға бағытталған. Қазақ және орыс тілдерінде жазылған ән мәтінінде ұрпақтар сабақтастығы, білімге ұмтылу мен ел бірлігі кеңінен көрініс тапқан. Кітап тың идеялардың қайнар көзі әрі ұрпақтарды жалғайтын рухани құндылық ретінде сипатталады.
Әннің сөзі мен музыкасын «Кітап оқитын ұлт» жобасының Астана қаласындағы кеңсе жетекшісі Жақсыбай Боранбаев жазған. Бейнебаян Астана қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының мұғалімі Қамбар Рахметовпен бірлесіп әзірленді. Ән мен бейнебаянды дайындау барысында жасанды интеллект технологиялары қолданылды.
Әнұран мен бейнебаян цифрлық форматта көпшілікке ұсынылды. Жоба халық арасында кітап оқуды кеңінен насихаттап, күнделікті кітап оқу дағдысын қалыптастыруды көздейді.
