Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Кітап түптеу де - үлкен өнер...

Кітап түптеу де - үлкен өнер

22.04.2026

144

Кітап түптеу де - үлкен өнер - adebiportal.kz

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Мата мен қағаз: комбинацияланған кітап түптеу шеберлігі» тақырыбында, Ұлттық кітап апталығы аясында шеберлік сағаты өтті.

Бұл іс-шара кітап апталығы аясындағы «Кітап. Тарих. Шежіре» тақырыбына негізделіп өткізілген екен.

Шеберлік сағаты кітаптың мазмұнын ғана емес, оның материалдық құндылығы мен сақталу өнерін дәріптеуге бағытталған.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және кітапқа деген ұқыптылықты арттыру, кітап түптеудің көне әрі заманауи технологияларын таныстыру, жас буынға кітаптың тарихи жәдігер ретіндегі маңызын ұғындыру.

Бағдарламада – шеберлік сағаты барысында мамандар мен реставраторлар мата мен қағазды ұштастыра отырып, кітапты қалай сапалы әрі эстетикалық тұрғыдан көркем түптеуге болатынын іс жүзінде көрсетті. Қатысушылар кітап мұқабасын жасаудың қыр-сырын меңгеріп, «қолөнер мен білімнің» үндестігіне куә болды.

Айтулы іс-шараға ҚР Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының «Реставрация және консервация» бөлімінің бас сапапшысы Жансерік Бейсенқұлов пен суретші-реставратор Саджида Серікбай  шақырылды. Тәжірибелі реставраторлар кітапты қалпына келтіру мен түптеудің кәсіби әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan