Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«KitapTime-2023» ІІ жалпы республикалық кітап фест...

12.09.2023 1838

«KitapTime-2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестиваліне шақырамыз 14+

«KitapTime-2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестиваліне шақырамыз - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы 15 қыркүйек күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен кітап оқуды кеңінен насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру, мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында «KitapTime – 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалін ұйымдастырады. 

Бұл күні ҚР Ұлттық аккадемиялық кітапхана бастамасымен дәстүрге айналған «KitapTime – 2023» фестивалін қолдау мақсатында республиканың көпшілік кітапханалар ұйымдастыруымен өңірлерде кітап мерекесі өтетінін хабарлаймыз.

Фестиваль аясында баспалардың қатысуымен көрме-жәрмеңке, «Art-vision» қолөнер шеберлері мен суретшілердің павильоны, bookcrossing, «Photo zone», балалар шығармашылығына арналған алаңда ертегілер қойылымы, «Балапан саз» ән антологиясының таныстырылымы, балалар әдебиетінің кейіпкерлер шеруі, «Rreader» - жұлдыздар қатысуымен кітапханаға жазылу акциясы, О. Бөкейдің 80 жылдығына арналған ғылыми конференция ұйымдастырылып, фестиваль «Кітапхана түні» мәдени шарамен жалғасын табады. 

«Кітапхана түні» бағдарламасы бойынша танымал коуч-тренерлердің үйлестіруімен бизнес-коучинг, психологиялық-коучинг, жылдам оқудан мастер-класс, Qazaq toastmasters club жетешілерінің тренингі,  «Muzycal party» классикалық музыка кеші, «Quiz» интеллектуалдық алаңы, шығармашылық антикафе, жас ақындардың алаңы. «Таңғажайып Үндістан» кинокөрсетілімі, жастардың қатысуымен Cover show, Астана түнін телескоппен тамашалау, және басқа да инновациялық іс-шараларды өткізу жоспарлануда.                             

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, шетел елшіліктерінің өкілдері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, суретшілер, қолөнер шеберлері, иллюстраторлар, блогерлер, БАҚ өкілдері,  ата-аналар, балалар, студенттер, кітапханашылар, оқырмандар және Елорда тұрғындары қатысады деп күтілуде.

Кітап фестивалі республика бойынша БАҚ өкілдері арқылы насихатталып, әлеуметтік желілермен таратылатын болады.

Өткізілетін мерзімі: 15 қыркүйек 2023 жыл, сағат 11.00-22.00

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар