Кітапхана ісінде LABA платформасы әзірленді

108

Кітапхана ісінде LABA платформасы әзірленді - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында еліміздегі кітапхана саласының негізгі статистикалық деректері жинақталған LABA (Library and Book Analytics) аналитикалық медиаплатформасы таныстырылды. 

Платформада кітапханалар желісі, оқырмандар мен келушілер саны, кітап қоры мен берілген әдебиеттер, цифрлық ресурстар және кадрлық әлеует туралы негізгі көрсеткіштер қамтылған. Деректер диаграмма, рейтинг, интерактивті кесте және өңірлер бойынша салыстырмалы мәлімет түрінде берілген. 

Осы арқылы саладағы өзгерістерді бақылап, өңірлердің көрсеткіштерін салыстыруға болады. LABA платформасын құруға «Қазақстан кітапханалары – 2025 жыл. Мәліметтер мен сандар» ғылыми-сараптамалық шолуындағы мәлімет негіз болған. Алдағы уақытта жаңа статистикалық есептер жарияланған сайын платформадағы ақпарат та жедел жаңартылып отырады. LABA интерфейсі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Платформа мобильді құрылғыларға да бейімделген.

Жоба авторы – Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік қызметінің маманы Нұрлыхан Жұмахан. Платформаға bynurlykhan.github.io/laba сілтемесі⁠ арқылы кіруге болады.

ҚР Ұлттық кітапханасы

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan