2025 жылдың 14 ақпан күні, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Халықаралық кітап сыйлау» күніне орай дәстүрлі "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты-кітапқа деген қызығушылықты арттыру және балалар мен жастар арасында кітап оқуды насихаттау.
Бұл атаулы күн 2012 жылдан бері аталып өтіледі. Мерекенің ерекшелігі –адамдар бір-біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынады, әдеби мұраларға құрмет артады.
«Халықаралық кітап сыйлау» күнінде кітапханаға жыл сайын елшілік өкілдері, отандық баспалар, зиялы қауым өкілдері, кітап авторлары мен оқырмандар соңғы уақытта шыққан кітаптарын сыйға тартып, акцияға белсене қатысады.
Елшілік өкілдері өз елінің тарихы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы, балаларға арналған иллюстрацияланған басылымдар, заманауи авторлардың көркем шығармаларын, түрлі шет тілдеріндегі кітаптарды сыйлайды.
Акция кітапхана қорын жаңа кітаптармен, шетелдік басылымдармен толықтыруға мүмкіндік береді.
Шараға Мемлекет және қоғам қайраткерелері, қаламгерлер, елшілік өкілдері, баспагерлер, журналистер, оқырмандар қатысады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы
Байланыс ақпараттары: Астана қаласы, Достық көшесі, 11.
e-mail: uak_2022@mail.ru
Аккредитация үшін: 87027639151
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.