Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Көрнекті мәдениет қайраткері Ғалым Доскен өмірден ...

Көрнекті мәдениет қайраткері Ғалым Доскен өмірден өтті

11.11.2025

2813

Көрнекті мәдениет қайраткері Ғалым Доскен өмірден өтті - adebiportal.kz

Белгілі әдебиет сыншысы, режиссер, мәдениет қайраткері Ғалым Доскен 65 жасында дүниеден озды.  

Ғалым Доскен 2002-2006 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы болған. Отандық журналистиканың кәсіби деңгейін арттыру жолында аянбай еңбек еткен тұлға.

Ғалым Төлембекұлы басшылық еткен жылдары эфирге шыққан «Күлтөбе», «Үзеңгі жолдас», «Ақжүніс», «Алтын сақа», «Шынның жүзі», «Мезгіл» сынды күллі көрермен көңілінен шыққан жобалар «Алтын қорымыздың» құнды мұрасы.

«Сәулені күту», «Ұлы дала астаналары», «Маңғыстау қабірлерінің түсі», «Жоғалған жарық хроникасы» фильмдерінің, «Тоғыз құйрықты ақ түлкі», «Сиқырлы флейта», «Билейтін құс» кітаптарының, «Жезтырнақ» балеті либреттосының авторы. Соңғы жетекшілік еткен туындыларының бірі 2024 жылы түсірілген «Соңғы үкім» фильмі. 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan