Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Көрнекті қырғыз ақыны Алықұл Осмоновтың 110 жылдығ...

Көрнекті қырғыз ақыны Алықұл Осмоновтың 110 жылдығы аталып өтті

30.09.2025

795

Көрнекті қырғыз ақыны Алықұл Осмоновтың 110 жылдығы аталып өтті - adebiportal.kz

Алматы қаласында көрнекті қырғыз ақыны, драматург, аудармашы, небары 35 жасында дүниеден озған Алықұл Осмоновтың шығармашылығына арналған халықаралық жиын өтті. 

Жиынға Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Жеңишбек Асанкулов, «Мұрас» қырғыз этномәдени орталығы төрағасының міндетін атқарушы Манас Ташыбеков, «Алықұл Осмонов атындағы халықаралық қоғамдық қордың» президенті Бек Осмонов, Республикалық «Қырғыз тілі» қоғамының президенті, Қырғыз Республикасының мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер Райымжан Курбанов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жетекшісі, аудармашы Айнагүл Садықова, Педагогика ғылымдарының кандидаты, Алықұлтанушы және манастанушы Низамидин Мурзаев, Қырғыз Республикасының мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Әлемдік әдебиет институтының директоры Нұрлан Қалыбеков және өзге де қаламгер қауым қатысты. 

Әдеби басқосу барысында ғалымдар, әдебиеттанушылар мен сыншылар баяндама жасап, Алықұл Осмоновтың поэзиясына әр тараптан баға берді. Сонымен қатар, жиында ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, ол туралы түсірілген Айдай Чотуеваның деректі фильмінің көрсетілімі өтіп, қазақ пен қырғыз әдебиетінің байланысын дамыту туралы тұшымды ойлар айтылды. Жиын соңында қырғыз әдебиеті өкілдерінің шығармаларын тәржімалап, қазақ оқырмандарына таныстырғаны үшін Нұрлыбек Саматұлы, Кенжеғали Қошым-Ноғай, Дәулетбек Байтұрсынұлы, Гүлнұр Қыранбай, Саят Қамшыгер “Алықұл Осмонов” медалімен марапатталды. 

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі. Сурет авторы: Мақсат Құсайын

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan