2026 жылға арналған мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындау конкурсына құжат қабылдау басталды. Мемлекеттік стипендиялар отандық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тағайындалады. Бұл қолдау өнерпаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға, еліміздегі мәдениет және өнер саласының дамуына ықпал етіп қана қоймай, тың идеялар мен жобалардың іске асуына септігін тигізеді. Байқауға мәдениет пен өнер саласының өкілдері қатыса алады. Құжат қабылдау 2026 жылғы 1 тамызға дейін жалғасады. Құжатты тапсыру тәртібі, қажетті материалдар тізімі, қабылдау мерзімі мен байқау талаптары туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы білуге болады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/1016793?lang=kk
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияға құжат қабылдау басталды
47
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты
қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған
жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.
Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның
көзқарасын білдірмейді.
Бөлісу:
