Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Маңғыстау – руханият пен кітап ордасы...

Маңғыстау – руханият пен кітап ордасы

34

Маңғыстау – руханият пен кітап ордасы - adebiportal.kz

«Кітап оқитын ұлт» жобасы – қоғамда кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттауға, білімге деген қызығушылықты арттыруға және азаматтардың рухани-зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды бастама.
Жоба аясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Игілікұлы кітап оқу эстафетасын Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа жолдады.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Игілікұлы кітап аманатын ресми түрде қабылдап, «Кітап оқитын ұлт» жобасының қоғамның рухани дамуына тың серпін беретін маңызды бастама екенін атап өтті.
Өңір басшысының айтуынша, бүгінде Маңғыстау облысында 70 кітапхана халыққа тұрақты түрде қызмет көрсетуде. Облыстық кітапхананың жалпы қоры 435 мыңнан астам кітап пен құжатты құрайды. Сонымен қатар, облыстық кітапхана жаңа ғимаратқа көшіріліп, заманауи оқу залдарымен жабдықталған.
Сондай-ақ, өңірде Маңғыстау креатив алаңы, жаңа форматтағы балалар кітапханасы және креатив хаб іске қосылған. Бұдан бөлек, жаңа аудандарда кітапхана құрылысы басталып, мәдени-рухани инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Облыс әкімі оқырман қауымға Әбіш Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» романын оқуға ұсынды. Кезекті кітап жолдау кезегін Павлолар облысының әкімі Асайын Байхановқа жолдады. 
«Кітап оқитын ұлт» жобасы – кітап оқу құндылығын қоғамда кеңінен дәріптеуге, оқырман мәдениетін қалыптастыруға және қазақ әдебиетінің үздік туындыларын насихаттауға арналған рухани-ағартушылық бастама.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan