Медетбек батырдың 200 жылдығына арналған «Еліне қорған болған Ер Медетбек» атты республикалық жыр мүшәйрасы өтеді.
Медетбек батырдың туғанына 200 жыл толуына арналған республикалық жыр мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1. Есебайұлы Медетбек батырдың туғанына 200 жыл толуына арналған «ЕЛІНЕ ҚОРҒАН БОЛҒАН ЕР МЕДЕТБЕК» атты республикалық жыр мүшәйрасы 2025 жылдың 10 қазан күні жарияланып, 2025 жылдың желтоқсан айы - Тәуелсіздік күні қарсаңында қорытындысы шығады.
2. ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
2.1. Қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын Медетбек батырдың есімін жас ұрпақ санасында жаңғырту, ұлтжандылық қасиеттерін арттыру, ерлігін дәріптеу арқылы ұлт рухын асқақтату;
2. 2. Ұлттық әдебиетімізді рухты, тың туындылармен толықтыру, қазіргі қазақ поэзиясының талантты өкілдерін қолдау, жаңа есімдердің танылуына жол ашу:
3. ЖЫР МҮШӘЙРАСЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ:
3.1.Байқауға екі тақырыпқа арнап жазылған шығармалар қабылданады:
1. «Еліне қорған болған ЕР Медетбек» атты Медетбек батыр туралы поэзиялық шығармалар;
2. Еркін тақырып;
3.2 Жыр мүшәйрасына қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;
3.3. Үміткерлердің өлеңдері берілген тақырып бойынша қабылданады;
3.4. Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 шрифт), жол арасы 1 интервал) Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;
3.5. Жыр мүшәйрасына бұрын еш жерде жарияланбаған жаңа шығармалар ғана ұсынылады;
3.6. Мүшәйраға қатысушы шығармасын бүркеншік атпен medetbekbatyr@gmail.com эл. поштасына жолдап, байланыс нөмірін ғана жазып жібереді.
3.7. Жүлдегерлердің жол шығыны жіберуші жақтан төленеді;
4. ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ МЕРЗІМІ:
4.1. Жыр мүшәйрасына қатысатын шығармалар 2025 жылдың 5 желтоқсанына дейін қабылданады;
4.2. Қабылданған шығармалардың ішіндегі ең үздік өлең авторлары 2025 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы қаласында марапатталады.
5. ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ:
5.1. Қазылар алқасы танымал ақындардан құралады.
6. ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:
І орын – 1 миллион теңге.
ІІ орын – 500 мың теңге.
ІІІ орын – 200 мың теңге ( екеу)
Арнайы жүлде – 100 мың теңге
Ұйымдастырушы:
Медетбек батыр қоры
