Мейірхан Ақдәулетұлы. Нағыз элита халықтың пайғамбары болуы керек
«Әдебиет порталының» «Сәті түскен сұхбатына» ақын, публицист, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Құрмет» орденінің иегері, Жазушылар одағының Жұмекен Нәжімеденов атындағы сыйлығының лауреаты Мейірхан Ақдәулетұлы келді. Ақын сұхбатында «Алтын Орда» газетінің қалай ашылғаны жайлы естеліктен бастап, бүгінгі қоғам, біздің оған қарым-қатынасымыз, элитаның ұлт алдындағы жауапкершілігі жайында айтты. «Күндердің күнінде не болады, халықтың зиялылары соны ойлауы керек, олар халықтың пайғамбары болуы керек. Ертең не болады деп уайымдауы керек, әрбір ақын, әрбір жазушы...», - деді ақын.
