Мектепке белгілі қаламгер Рахметолла Райымқұловтың есімі берілді

Өзбекстандағы мектепке көрнекті қазақ қаламгері Рахметолла Райымқұловтың есімі берілді .

134

Мектепке белгілі қаламгер Рахметолла Райымқұловтың есімі берілді - adebiportal.kz

Ташкент қаласы мен Ташкент облысында Өзбекстан мен Қазақстан жазушыларының «Түркі әлемінің рухани мұрасы: әдебиет – дәуірлер мен ұрпақтар сұхбаты» атты форумы өтіп жатыр. Форум Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына, Бірінші түркология конгресінің 100 жылдығына (Баку, 1926 жыл) және ұлы өзбек ақыны әрі ойшылы Әлішер Науаидың туғанына 585 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Форумды ұйымдастырушылар – Өзбекстан Республикасының Мектепке дейінгі және мектептік білім беру министрлігі, Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрлігі, Ташкент облысының әкімдігі, Өзбекстан мен Қазақстан Жазушылар одақтары және Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры. 2 қыркүйекте іс-шаралар Ташкент облысының Бостандық ауданындағы Қораманаc ауылында орналасқан Рахметолла Райымқұлов атындағы №34 мектепте басталды. Мұнда жаңа оқу жылының салтанатты ашылуы мен алғашқы қоңырау рәсімі, жаңартылған мектеп кітапханасы және коворкинг орталығының ашылу шаралары өтті.

Іс-шара аясында мектеп кітапханасына Қазақстан Жазушылар одағы, Өзбекстан Жазушылар одағы, Өзбекстан Республикасының Ұлтаралық қатынастар және шетелдегі отандастар мәселелері жөніндегі комитеті және Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры тарапынан кітаптар табысталды. Форум шараларында Өзбекстан және Қазақстан Президенттерінің кеңесшілері Хайриддин Сұлтанов пен Мәлік Отарбаев, Өзбекстан Республикасының Мектепке дейінгі және мектептік білім беру министрі Эъзозхон Каримова, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов, Өзбекстан және Қазақстан Жазушылар одақтарының төрағалары Сирожиддин Сайид пен Мереке Құлкенов, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова түркі халықтары арасындағы әдеби байланыстарды нығайту мәселелері жөнінде сөз сөйледі.

Форум барысында түркі халықтарының ортақ әдеби және рухани мұрасы, әдебиеттің ұрпақтар арасындағы сұхбаттағы рөлі, сондай-ақ екі ел арасындағы әдеби байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқылануда. Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan