Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды...

23.10.2024 307

Мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды 14+

Мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды - adebiportal.kz

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің бірқатар қаламгерлері мен өнер қайраткерлері мемлекеттің ең жоғарғы мәртебелі атақтары мен сыйлықтарына ие болды. 

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығы ақын Нұржан Светқали Сабырғалиұлына «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін және жазушы, ғалым Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін берілді. 

Сондай-ақ қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, ақын-жазушылар Т.Медетбек, В.Михайлов және И.Сапарбай «Қазақстанның халық жазушысы» атағына ие болды. Қазақтың көрнекті ақыны Нұрлан Оразалин «Отан» орденімен марапатталды.

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері: театр және кино актерлері К.Жұмабековке, Л.Кәденге, О.Коржеваға, И.Лебсакқа, Р.Махпироваға, Г.Шынтемірге және Ә.Ыдырышеваға, опера әншілері М.Мұхамедқызы мен Ж.Баспақоваға, дирижер А.Мұхитдинов пен күйші С.Тұрысбекке, сондай-ақ белгілі әнші М.Ілиясоваға берілді.
Атақ, марапат иелеріне құтты болсын айтамыз!


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар