Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
«Менің атым Қожа» фильмінің басты кейіпкері өмірде...

«Менің атым Қожа» фильмінің басты кейіпкері өмірден өтті

27.12.2025

4529

«Менің атым Қожа» фильмінің басты кейіпкері өмірден өтті - adebiportal.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист әрі кинодраматург, «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлді сомдаған Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті.

Қазақ киносы тағы бір жарқын тұлғасынан айырылды. Марқұмның өнері мен еңбегі көрермен жадында мәңгі сақталады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Сегізбаевтың өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтты.

Нұрлан Санжарұлы - қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады. Нұрлан Санжарұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болғай, - делінген ведомство хабарламасында

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan