Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Мұхтархан Қалиұлының «Ұлы дала дауысы» атты шығарм...

Мұхтархан Қалиұлының «Ұлы дала дауысы» атты шығармашылық кеші өтті

09.12.2025

3157

Мұхтархан Қалиұлының «Ұлы дала дауысы» атты шығармашылық кеші өтті - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұхтархан Қалиұлының «Ұлы дала дауысы» атты шығармашылық кеші өтті.

«Әдебиет пен өнерді тоғыстырған мәнді шарада қаламгердің жаңа жинағы көпшілікке таныстырылды. Кеш барысында ақынның поэмалары, балладалары және лирикалық өлеңдері топтастырылған «Ұлы Дала дауысы» кітабының көркемдік әлемі жан-жақты ашылып, шығармаларындағы идеялық ерекшелік пен ақындық қолтаңба кеңінен талқыланды. 

Зиялы қауым өкілдері Мұхтархан Қалиұлының қазақ поэзиясына қосқан үлесін, оның шығармашылығына тән терең пайым мен ұлттық рухты атап өтті. Әдеби басқосуда ақынның сөзіне жазылған әндер орындалды. Шараға қаламгердің отбасы, әдебиет өкілдері, мәдениет саласының қайраткерлері мен оқырмандар қатысты. Рухани кеш оқырман қауымға ақын шығармашылығын жаңа қырынан танытып, рухани әсер сыйлады», - деп хабарлайды, Қазақстан Жазушылар одағының Баспасөз қызметі

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan