«Әдебиет порталының» «Сәті түскен сұхбатында» «Алматыкітап» баспасының Жобалық PR бөлімінің басшысы Гулмарал Қабдолашева мен «Отбасы хрестоматиясы» баспасының директоры Бағдат Құдияр қонақта болып, баспа жұмысы, авторлық құқық, оқырман сұранысы жайында жақсы әңгіме айтылды.
Баспагерлердің әңгімесіне қарағанда, кітап шығару ісі, оны тарату, оқыту да оңай шаруа емес екен. Гүлмарал ханым: «Бізде оқулықтар, дәптерлерге қатысты контрафакт көп, мұндай заңсыздыққа баратындар тек қана баспаның ақшасын жеп жатқан жоқ, автордың да ақшасын жеп жатыр», - дейді. Бағдат мырзаның айтынша, «Өзбекәлінің» көшірмесі (ксерокс жасаған нұсқасы) қара базарда өте арзан бағада сатылыпты, оған басында өздері «әйтеуір, халық оқып жатыр ғой» деп қуанған кездері де болған екен.
Осындай қиындықтарға қарамастан баспалар уақытқа ілесіп әрекет жасап жатыр. Баспагерлердің айтуынша, балалар әдебиеті мен өмірбаяндық дүниелерге сұраныс жоғары.
«Мына заманда кітап оқитын адам бар ма?»
27.04.2026
149
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты
қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған
жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.
Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның
көзқарасын білдірмейді.
Бөлісу:
