Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Несіпбек Айтұлының 75 жылдығына арналған мүшәйра ө...

Несіпбек Айтұлының 75 жылдығына арналған мүшәйра өтеді

23.10.2025

7078

Несіпбек Айтұлының 75 жылдығына арналған мүшәйра өтеді - adebiportal.kz

Астана қаласының Мәдениет басқармасы қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Бостандық жырының бозжорғасы» атты республикалық ақындар мүшәйрасын жариялайды.

Бұл мүшәйра – ұлттық рух пен азат ойдың, еркіндік пен елдік жырдың мерекесі! Мүшәйраның басты мақсаты: өз дәуірінің өр дауысына айналған Несіпбек Айтұлының поэтикалық мұрасын дәріптеу, жас ұрпақты елдік рухта тәрбиелеу. 

Мүшәйра шарты:

Әр ақын екі туынды ұсынады:

1. Несіпбек Айтұлына арналған арнау өлең;

2. Еркін тақырыптағы өлең (лирика, толғау, баллада және т.б.).

Жолданған шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған, басқа әдеби байқауларға қатыспаған болуы тиіс.

Өтінім қабылдау тәртібі: Ақындар өз туындыларын astanapoets@gmail.com электронды поштасына жібереді.

Хатқа:

- қысқаша өмірбаяныңызды, байланыс телефоныңызды,

екі өлеңіңізді қоса жолдауыңыз қажет.

Шығармаларды қабылдау мерзімі: 1 желтоқсанға дейін.

Елдік рухтың еңсесін көтеріп, еркін ойдың көкжиегін кеңітер жырларыңызды күтеміз! Жанартаудай жалынды жыр, өр рухты өлең – азат елдің айбынын асқақтатсын!

Бәйге жүлдесі төмендегідей:

Бас жүлде – 1, жүлдесі – 3 300 000

Бірінші орын – 1, жүлдесі – 2 200 000

Екінші орын – 2, жүлдесі – 1 100 000

Үшінші орын – 3, жүлдесі – 660 000

Ынталандыру – 5, жүлдесі – 330 000

Байланыс тел: +7 747 702 9797

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan