Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған кеш өтті...

Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған кеш өтті

12.04.2026

122

Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған кеш өтті - adebiportal.kz

«ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті», - деп хабарлайды ҚР Жазушылар одағының баспасөз қызметі.

 Іс-шараға ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Мерейтой аясында «Ұлт игілігі – ұлттық мұра» атты кең көлемді әдеби көрме ұйымдастырылды.

 Көрмеде Олжас Сүлейменовтің шығармашылық мұрасы, алғашқы басылымдары, сондай-ақ ақынның өмірі мен қызметіне арналған мерзімді баспасөз жарияланымдары ұсынылды. Сонымен қатар әр жылдары жазылған туындыларды қамтыған «Книга поэм» атты жинақтың тұсаукесері өтті. Жинақта автордың уақыт, қоғам, тарих және адам тағдыры туралы толғамдары көрініс тапқан. Іс-шара соңында ақынның өмірі мен шығармашылық жолына арналған режиссер Игорь Гонопольскийдің «Людям я не лгал…» деректі фильмі көрсетілді.
Фотосуреттер ҚР Жазушылар одағының ғаламторлық парағынан алынды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan