Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Олжас және оның достары» атты авторлық ән кеші өт...

27.02.2024 930

«Олжас және оның достары» атты авторлық ән кеші өтеді 14+

«Олжас және оның достары» атты авторлық ән кеші өтеді - adebiportal.kz

2024 жылдың 1 наурыз күні сағат 19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актер, композитор, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Жақыпбек Олжас Дәлелханұлының «Олжас және достары» авторлық ән кеші өтеді. 

Олжас Дәлелхан 2012 жылы бас қаладағы Қаллеки театрына актер болып қабылданып, осы өнер ордасының сахнасында қойылған спектакльдерде үлкенді-кішілі рөлдерді ойнап, жұртшылықтың ықыласына бөленіп келеді. Көрермендер актерді театр сахнасындағы Жантық, Яго, Мәжнүн, Төлеген сынды көптеген рөлдерімен және «Туған елдің түтіні», «Көк тарландары», «Мұздағы жалын», «1286» телехикаяларында сомдаған басты рөлдері арқылы жақсы біледі.   

Олжас Дәлелхан актерліктен бөлек, бірнеше фильмдерге саундтрек жазып, композиторлық қырымен де танылып жүрген жас артист. 

Театр репертуарындағы «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының композиторы әрі қоюшы режиссері. Сонымен қатар, «Құнанбай», «Алтайдан ауған ел» спектакльдерінің композиторы. 

Олжас Дәлелханның шығармашылық ізденістері мен талантын байқаған өзге театрлар арнайы шақырып, спектакльдерінен үлкен рөлдерді және композиторлық жұмыстарды сеніп тапсыруда.

Ізденімпаз артист бүгінгі күнде шетел фильмдерін қазақ тілінде сөйлетуде де еңбектер атқаруда: «Жұлдызды соғыстар» - Кассиан, Андор, «Мұзды өлке» анимациялық фильмінде Кристоф, Люк Бессонның «Валериан және мың ғалам шаһары» - Валериан рөлдерін дыбыстаған. «Коко құпиясы», «Ральф интернетке қарсы», «Арыстан патша» т.б. анимациялық фильмдерінде басты кейіпкерлерді дыбыстады.

Қазіргі таңда Salem Social Media ұсынған Алишер Утевтің «1286» сериалының басты кейіпкері Аманның рөлін сомдап, көрермен тарапынан жоғары бағаға ие болды. 

Кеште Олжас Дәлелханұлымен бірге театрдағы әріптестері және Ерден Жақсыбек өнер көрсетеді. 

Аккредитация үшін: +7 705 9902595

E-mail: kazteatr@mail.ru 

Жақыпбек Олжас Дәлелханұлы - 1991 жылдың 16 ақпанында Семей қаласы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келді.

1997-2008 жылдары Алматы қаласындағы №119 мектепті тәмамдады.

2008-2012 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында актер мамандығын оқыды. 

2012 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері;

2017 жылы І Дүниежүзілік «Астана» театр фестиваліаясында Халықаралық театр сыншылары назарына ұсынылған «Қорғансыздың күні» драмасында басты кейіпкер Түнек бейнесін сомдады. 

2017-2018 жылдары 27 наурыз – Халықаралық театр күні мерекесіне орай Астана қаласы әкімінің атынан арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.

2018 жылы Ресей Федерациясының Театр қайраткерлері одағының XII Халықаралық жазғы мектебіне іріктеу арқылы қабылданып, тәжірибеден өтті.Халықаралық жобада өзге елдік әріптестерімен шығармашылық байланыста болып, белгілі бір уақыттың ішінде көрермендерге жаңа премьера ұсынды. \Евгений Кулагин, Иван Естегнеев «1518» \диалог данс\.

2018 жылы Орталық Азия елдерінің VI Халықаралық театр фестивалінде «Қорғансыздың күні» драмасындағы Түнек рөлі үшін «Дебют» номинациясымен марапатталды. 

2018 жылы Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты атанды.

2019 жылы «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының «Үміт» номинациясымен марапатталды. 

Актер Олжас Жақыпбек Мәжнүн бейнесін сомдаған «Ләйлі-Мәжнүн» спектаклі/Авт:Н.Гәнжәуи Реж: Б.Абдураззаков/ 2019 жылы Семей қаласында өткен Қазақстан драма театрларының XXVII Республикалық фестивалі және «Samgau» VII Халықаралық театр фестивалі аясында көрсетіліп, фестивальдің арнайы дипломымен марапатталды.2021 жылы Қазан қаласында өткен түркі халықтарының XV«Наурыз» халықаралық театр фестивалінде(online)  көрсетіліп,  халықаралық театр сарапшыларының жоғары бағасын алды.СпектакльХалықаралық театр сыншылары бірлестігі бекіткен «Сыншылар жүлдесімен» марапатталды. 

«2019 жыл – Жастар жылы» аясында Астана қаласы «Nomad City Hall» сахнасында Олжас және достары өнерсүйер қауым назарына «Жастығым барда...» концерт-спектаклін ұсынды. 25 мамыр күні «El arna» арнасында концерт-спектакльдің телевизиялық нұсқасы көрсетілді. 

2022 жылы «Қаллеки тынысы» премьералар апталығы аясында«Алтайдан ауған ел» спектаклінің музыкалық көркемділігі үшін «Спектакльге музыка жазған жыл композиторы» номинациясына ие болды. 

Театр сахнасындағы рөлдері:

М. Әуезов «Абай» - Айдар, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» - Төлеген, Қ.Шаңғытбаев,Қ.Байсейітов «Қыздар - ай» - Серке, Қ.Жиенбай «Таңғажайып планета» - Қаршыға, М.Байжиев «Тіл табысқандар» - Асқар Ақмолдаев, Э.Хушвақтов «Қызыл алма» - Аббас, Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д Арк» - Мүгедек, Ж.Ерғалиев «Есігімді қаққан кім?» - Асқар, М.Машаду «Бразилия байлығы» - Манеку, Т.Теменов «Аққудың көз жасы...» - Садық, А.Айларов «Сүрінген сүрбойдақ» - Арсамаг, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» - Бекболат, М.Байжиев «Жекпе-жек» - Азиз, Ұ.Есдәулет «Зере» - Емші, М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Түнек, С.Тұрғынбекұлы «Шәмші» элегиясы – Музыкамен сүйемелдеуші, У.Шекспир «Отелло» - Яго, Р.Куни «Туған күн» - Генри, Низами Гәнжәуи «Ләйлі-Мәжнүн» - Мәжнүн, И.Кальман «Кабаре жұлдызы» – Бони, Ф.Болонья «Байланыс аясы» - Козимо, А.Вампилов «Ақ жауын» - Махамбет, Т.Әсемқұлов «Құнанбай» - Тергеуші, Ғ.Мүсірепов «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» - Жантық, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» - Есімсейіт, Ж.Шайхисламұлы, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» - Төлеген; 

2021 жылы қайта жаңартылған «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының композиторы әрі қоюшы режиссері. Авторы – М.Әуезов. Спектакльдің сахналық нұсқасын жасаған режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ә.Оразбеков. 

Театр репетуарындағы Т.Әсемқұлов «Құнанбай», М.Әуезов «Айман-Шолпан», Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» спектакльдерінің композиторы. 

Олжас Жақыпбектің шығармашылық ізденістері мен талантын байқаған өзге театрлар арнайы шақырып, спектакльдерінен үлкен рөлдерді сеніп тапсыруда. Солардың бірі -  Айгүл Иманбаеваның жеке театрында \А.И театры\: М.Әуезов «Қарагөз»- Сырым, «Федра»-Ипполит \Режиссері – Дина Құнанбай\ 2018 жылы ақпан айында «Федра» спектаклі Ресейде өтетін «CHELoBekТЕАТРА» Халықаралық кіші театр форумы аясында халықаралық сарапшылардың назарына ұсынылды. 

«Бәйтерек» тобының 10 жылдығына арнайы қойылған Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мюзиклінде- Қозы рөлін кескіндеді. 

Олжас Жақыпбек актерліктен бөлек, бірнеше фильмдерге саундтрек жазып, композиторлық қырымен де танылып жүрген жас артист. Атап айтсақ,

2015 жылы «Алтын ұя» телехикаясы;

2017 жылы «Я люблю тебя, Ақерке» көркем фильмінің;

«Балапан» телеарнасындағы «Он саусақ», «Оп-оңай» бағдарламаларының композиторы. 

2018 жылы «Мұздағы жалын» телехикаясында басты рөлді сомдады.

«Алтын ұя», «Тағы да сүй» телехикаяларының композиторы.

Ізденімпаз артист бүгінгі күнде шетел фильмдерін қазақ тілінде сөйлетуде де еңбектер атқаруда: «Жұлдызды соғыстар» - Кассиан, Андор, «Мұзды өлке» анимациялық фильмінде Кристоф, Люк Бессонның «Валериан және мың ғалам шаһары» - Валериан рөлдерін дыбыстаған. «Коко құпиясы», «Ральф интернетке қарсы», «Арыстан патша» анимациялық фильмдерінде басты кейіпкерлерді дыбыстады.

«Шақылдақ және төрт патшалық», «Алладин», «Ральф интернетке қарсы» анимациялық фильмінің кейіпкерлерін қазақ тілінде дыбыстады.

Қазақ киносына да өз үлесін қосуда: «Туған елдің түтіні», «Көк тарландары» - Нариман Сайын, «Алтын ұя» телехикаясында - Данияр, «Кішкентай Ханзада» - «Міржақып» деректі фильмінде - Міржақып Дулатов бейнесі.

Қазіргі таңда Salem Social Media ұсынған Алишер Утевтің «1286» сериалының басты кейіпкері Аманның рөлін сомдап, кино саласында танымалдылыққа ие болды.

Жақыпбек Олжас Дәлелханұлы –  театр, кино, дубляж, сазгерлік өнер бойынша өнер саласында ерекше талантымен дараланып жүрген жас актердің бірі. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар