Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Өтебай Тұрманжановтың туғанына 120 жыл толуына арн...

Өтебай Тұрманжановтың туғанына 120 жыл толуына арналған әдеби-сазды кеш өтті

09.12.2025

3064

Өтебай Тұрманжановтың туғанына 120 жыл толуына арналған әдеби-сазды кеш өтті - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Отбасымен оқимыз» клубының аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі – ақын, прозашы, аудармашы, әдебиеттанушы, фольклортанушы, балалар жазушысы Өтебай Тұрманжановтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби-поэзиялық кеш өтті.

Іс-шараның модераторы – журналист, PhD ғылым докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті Баспасөз және баспа ісі кафедрасының аға оқытушысы Әлімбекова Саягүл Қабылбекқызы болды.

Әдеби кеш барысында қаламгердің бай мұрасы, бала тәрбиесіне қосқан үлесі кеңінен насихатталып, қатысушылар поэзия мен парасат әлеміне саяхат жасады. Кеш аясында ақынның шығармашылығына арналған «Жыр жолымен өткен ғұмыр» атты көрме ұйымдастырылды.

Кеш қонағы, ақын, жазушы Баянғали Әлімжанов Өтебай Тұрманжановтың шығармалары бүгінгі жас буын үшін де тәрбиелік мәні зор, құндылығы жоғары екенін атап өтті.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, әдебиет майталмандары, балалар жазушылары, журналистер, мектеп оқушылары мен ұстаздар, кітапхананың тұрақты оқырмандары және әдебиет сүйер қауым қатысты. Ақпарат ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының инстаграм парағынан алынды

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan