Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Поэзия мен музыканы ұштастырған өнер кеші...

Поэзия мен музыканы ұштастырған өнер кеші

10.02.2026

4101

Поэзия мен музыканы ұштастырған өнер кеші - adebiportal.kz

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні әрі 95 жылдық мерейтойына орай Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті театрландырылған музыкалық кеш өткізді.

Ақын рухына арналған кешке Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева, сондай-ақ университеттің «Дәстүрлі жыр», «Музыкалық театр артисі» мамандықтарының І курс студенттері Сырсұңқар Базарбай, Наргиза Нұрлан, Досхан Тұрсынғазы және «Театр өнері және өнертану» факультетінің «Музыкалық театр артисі», «Драма театры және кино артисі» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жүрген 2–3 курс студенттері қатысты.

Кеш барысында жас өнерпаздар ақынның жүрекке жол тартқан өлеңдерін тебірене оқып, Мұқағали жырына жазылған әндерді әсерлі орындады. Поэзия мен музыканы ұштастырған өнер кеші жырға құмар жастардың жанын баурап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Әлем поэзиясының көрнекті өкілі саналатын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын ұлықтаған бұл рухани шара жас буынның әдебиетке, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, ақын мұрасының мәңгілік екенін тағы бір мәрте айшықтай түсті.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan