Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Президент кеңесшісі жас қаламгерлермен кездесті...

Президент кеңесшісі жас қаламгерлермен кездесті

02.12.2025

3049

Президент кеңесшісі жас қаламгерлермен кездесті - adebiportal.kz

Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы жас қаламгерлермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауы талқыланып, оның негізгі басымдықтары жан-жақты түсіндірілді.

Жиынға Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Әбдешұлы Құлкенов, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алиев Данияр Абзалиденұлы және жас қаламгерлер қатысты. Кездесу барысында жас қаламгерлер сөз сөйлеп, өз пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қазақстан Жазушылар одағының бүгінгі таңда жүйелі, өнімді жұмыс істеп жатқанын, жобалардың қаламгерлерді қолдау бағытында жеміс беріп отырғанын атап өтті.

 Қазақстан Жазушылар одағы

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan