Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қайта оралған Республика күні...

24.10.2023 1275

Қайта оралған Республика күні 14+

Қайта оралған Республика күні - adebiportal.kz

2022 жылы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «кинематография, мәдениет және мерекелер мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заңында 25 қазан күнін  «Республика күні» ұлттық мерекесі ретінде бекіткен еді. Яғни, республика күні –  он үш жылдан соң қайта оралған маңызды мерекелеріміздің бірі. Республика күні мерекесінің қайта оралуы «жаңғыру мен жаңару жолындағы» Жаңа Қазақстанымыздың жаңа серпілісіндей әсер береді. 

Айтулы мерекенің тарихына назар аударсақ, 1990 жылғы 25 қазанда Кеңестік социалистік республикалар одағының құрамындағы Қазақ ССР-інің  «Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы» қабылданған екен. Ол кезеңде ыдырауына бір жыл қалған Кеңестер Одағының құрамындағы еліміздің егемендік жолындағы кезекті талпынысы ретінде бағаланған заңнамалық құжатта Қазақстанның  Одақ құрамынан өз қалауымен шыға алатыны,  сыртқы саясатын бағамдап, басқа да әлемдік қауымдастықтағы елдермен  дипломатиялық қарым-қатынас құра орната алатыны, халықаралық ұйымдардың жұмысына араласуға мүмкіндік алатынын жазылыпты. 

2022 жылдың 16 шілдесінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Республика күніне қайтаруды ұсынып: «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», - деген еді.  

25 қазан елімізді тәуелсіздікке жетелейтін бастайтын алғашқы қадамдардың бірі жасалса, 16 желтоқсан тәуелсіздікке қол жеткізген күн болып тарих бетінде мәңгі сақталмақ. Қазақ еліне қайта оралған таңдаулы мерекеміздің ғұмыры ұзақ болғай, егемен мемлекетіміздің көк туы мәңгі желбірей бергей!


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар