Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қаламгерлер атақ, марапаттарға ие болды...

24.10.2023 1507

Қаламгерлер атақ, марапаттарға ие болды 6+

Қаламгерлер атақ, марапаттарға ие болды - adebiportal.kz

Ұлттық мерекеміз Республика күнінің қарсаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, қосқан, ұлтаралық татулық пен достықтың нығаюына елеулі үлес қосып, қоғамдағы белсенді іс-қызметімен танылған бір топ отандасымыз мемлекеттік атақтар мен марапаттарға ие болды. 

Олардың қатарында ұзақ жылдар бойы отандық әдебиеттің дамуына тер төгіп келе жатқан қаламгерлеріміз де бар. «Қазақстанның халық жазушысы» атағына Төлен Әбдікұлы, Софы Сматаев, Смағұл Елубаев, Бексұлтан Нұржекеев, Любовь Шашкова, Ахметжан Аширов ие болды. Сондай-ақ қазақтың төл өнері айтыстың дамуына өлшеусіз үлес қосқан қоғам қайраткері, танымал ақын Жүрсін Ерман «Отан» орденімен марапатталды.

Отандық театр және кино саласында жемісті еңбек етіп, көрермендердің ықыласына бөленген танымал өнер қайраткерлері Дінмұхамед Әкімов, Михаил Токарев, Дулыға Ақмолда, опера әншілері Шахмардан Әбілов, Талғат Күзенбаев, әнші Рамазан Стамғазиев, Димаш Құдайберген, күйші Айгүл Үлкенбаевалар «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болса, белгілі қылқалам шебері Амандос Ақанаев «Отан орденімен марапатталды.

Мемлекеттік мәртебелі атақтар мен марапаттарға ие болып жатқан әдебиет және өнер қайраткерлерін құттықтай отырып, алдағы шығармашылық ғұмырларынан үлкен жетістіктер тілейміз! Еліміздің еңсесі тік, көк туымыз әрқашан биікте желбірей берсін! Республика күні құтты болсын! 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар