Белгілі жазушы, халықаралық «Алаш», халықаралық ПЕН-клуб сыйлықтарының лауреаты Қуаныш Жиенбайдың «Қарапайым Һәм тамаша тағдырлар» атты кітабы «Дәуір» баспасынан жарық көріп отыр. Жаңа кітапқа жазушының әр жылдары жазылған толғаныстары, сұхбаттары мен жазбалары енгізілген.
Жинақтың «Әдебиет төңірегіндегі толғаныстар» бөлімінде Әбдіжәміл Нұрпейісов, Сейдахмет Бердіқұлов, Сапар Байжанов, Ғабиден Құлахметов, т.б. ағаларының, қаламгердің өзімен замандас жазушылардың келбеті көрінсе, «Сәті түскен сұхбаттар» бөлімінде Төлен Әбдік, Әнес Сарай, Кәкімбек Салықов, Смағұл Елубай, Сатыбалды Нарымбетов, Қуандық Мәшһүр-Жүсіп сияқты тағы басқа әдебиет пен өнерде аты белгілі адамдардың сұхбаттары берілген.
Ал «Жалғасы бар жазбалар» деп аталатын үшінші бөлімде жазушы өзін толғандырған қоғам түйткілдері жайында қалам тербейді. Мұндағы «Қадағаңның бір ауыз сөзі», «Оксфорд кітапханасындағы әдеби талғам», әдебиет мәселесіне қатысты «Егер дайын «рецепт» тапсаңыз», «Сыншыларға өкпелеу орынды ма?», «Кітап сөзіне иланасыз ба?» деген мысалдар оқырман ойына әсер етері сөзсіз.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.