Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Qazaq Culture» сайты іске қосылды...

30.03.2024 426

«Qazaq Culture» сайты іске қосылды 12+

«Qazaq Culture»  сайты іске қосылды - adebiportal.kz

Отандық ғаламтор кеңістігінде «Qazaq Culture» атты жаңа сайт іске қосылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ханым өзінің фейсбук парақшасында хабарлады. Порталда пост мәтінін толықтай ұсынып отырмыз: "Құрметті достар, жағымды жаңалығымыз бар! Қазақ мәдениеті мен тарихына арналған «Qazaq Culture» жаңа сайтын іске қостық. 

Ақпараттық-танымдық портал Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, елдің мәдени мұрасын насихаттау мақсатында құрылды. 

Сөз жоқ, «Qazaq Culture» сайтын ашу – Қазақстанның мәдени мұрасы мен сан түрлі ерекшелігін, ұлттық брендін әлемге танытуда жасалған маңызды қадам. Ел ішінде де, алыс-жақын шет елдерде де мәдени құндылықтарды насихаттау – Мемлекет басшысының ведомство алдына қойған басты міндеттерінің бірі.

Портал 8 тілде, оның ішінде БҰҰ-ның 6 ресми тілінде және қазақ және түрік тілдерінде хабар таратады.

Бұл адамның ұлтына, тіліне, тұратын жеріне қарамастан, мұражай, кітапхана, театр, ұлттық кино және музыканың алтын қорымен, көрмелермен, еліміздегі мұражай-қорықтарымен терең танысуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ сайт пайданушылары театр қойылымдары, қазақстандық киноиндустрия, кітапханалар, мұрағаттар, туристік орындар, қолөнер шеберханалары, Қазақстанның сәулет өнеріндегі жетістіктері туралы кеңінен ақпарат ала алады.

Порталда ақпараттық технологияларға да ерекше назар аударылды.

«Qazaq Culture» көрерменге виртуалды 3D-тур арқылы Қазақстанның өңірлері мен олардың көрікті жерлерін зерттеуге жол ашады. Ал жасанды интеллектің көмегімен сайттың әрбір қонағы фотосуретін жүктеп, өзін батыр немесе Ұлы дала жауынгері бейнесінде көре алады.

Сайт жұмысына сәттілік тілеймін! Мұнда әркім өзіне пайдалы әрі қызықты ақпаратты таба алатынына сенімдімін. Сайтпен танысу үшін, сілтемеге өтіңіз

https://qazaqculture.com/ru"


“Әдебиет порталы” жаңадан ашылып, әлемдік орасан зор тілдік ауқымға жол тартқан «Qazaq Culture» порталының жұмысына сәттілік тілейді! 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар