Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Қазақ оркестрі Рим көрерменін тәнті етті...

Қазақ оркестрі Рим көрерменін тәнті етті

20.04.2026

63

Қазақ оркестрі Рим көрерменін тәнті етті - adebiportal.kz

Рим қаласындағы атақты «Teatro Palladium» сахнасында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің камералық құрамы өнер көрсетіп, италиялық көрерменге әлемдік классика бағдарламасын ұсынды.
Рим сахнасында кеш бағдарламасын Қазақстанның Халық әртісі, көрнекті скрипкашы Айман Мұсахадажаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Дүйсенбаев, беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары Жібек Мусургалиева, Рахиль Мұсақожа және Далер Далишев ұсынды. Іс-шара барысында әлемдік музыка классиктері Э. Григ, А. Вивальди, К. Сен-Санс, Ф. Крейслер, Ж. Массне, П. Сарасате, К. Дженкинс, сондай-ақ қазақстандық композитор А. Серкебаевтың шығармалары орындалды.
Кеш ерекше атмосферада өтті. Көрермендер концертті жылы қабылдап, музыканттардың шеберлігі мен классикалық музыканың заманауи стильде орындалуына жоғары баға берді. Рим қаласында өткен бұл концерт Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени алмасудың маңызды үлгісіне айналып, мұндай іс-шаралардың халықаралық мәдени ынтымақтастықты нығайтуға және қазақстандық өнерді шетелде кеңінен танытуға елеулі үлес қосатынын айқындады.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігінің тікелей атсалысуымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan