Қазақ қызы Софья Тасмағамбетова «Дон Карло» операсындағы костюмдерге негізгі суретші болды.
Төрт актіден тұратын бұл қойылым Испанияда өтеді.
Қоюшы режиссер Дэвид Ливермор атап өткендей: «Софьяның алдында сол тарихи кезеңге сай әрі заманауи қойылым жасау міндеті тұрды», – деп хабарлайды «Әдебиет порталы» Монте-Карло театрының сайтына сілтеме жасай отырып.
"Сахнадағы XVI ғасыр оқиғалары мен кейіпкерлері өте жоғары технологиялық шешіммен көрсетілді, сондай-ақ мұнда бейнелер мен сахнада болып жатқан оқиғалар арасында ұдайы өзара әрекеттестік бар. Мысалы, біз испандықтардың XVI ғасырдағы кескіндері мен бейнелерін пайдаланамыз. Сол кезде оқиға мен кейіпкерлердің жан дүниесі өзара қозғалыста ширыға түседі», - дейді Ливермор.
Әдеттегідей, театр өнерін бағалаушылар тарапынан бұл опера өнері зор жетістік ретінде бағаланды. Ал қазақ суретшісінің қолынан шыққан әдемі костюмдер өз тартымдылығымен ерекшеленіп қоймай, қойылымның негізгі шығармашылық идеясын дөп басты десек те болады.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.