Қазақстандық кітапханашылар халықаралық конгреске қатысып жатыр
10-13 тамыз аралығында Корея Республикасының Пусан қаласында Халықаралық кітапхана қауымдастықтары мен мекемелері федерациясының 90-шы Дүниежүзілік кітапханалық-ақпараттық конгресі – IFLA WLIC 2026 өтіп жатыр. Осы жылы Қазақстан атынан конгреске кітапхана ісінің 40-қа жуық маманы қатысып, ТМД елдері арасында ең үлкен делегацияны құрап отыр.
10-13 тамыз аралығында Корея Республикасының Пусан қаласында Халықаралық кітапхана қауымдастықтары мен мекемелері федерациясының 90-шы Дүниежүзілік кітапханалық-ақпараттық конгресі – IFLA WLIC 2026 өтіп жатыр. Биылғы конгрестің негізгі тақырыбы – «Кітапханалар – трансформация қозғаушысы».
Қазақстан кітапханалар одағы – Халықаралық кітапхана қауымдастықтары мен мекемелері федерациясының (IFLA) ресми мүшесі. Осы жылы Қазақстан атынан конгреске кітапхана ісінің 40-қа жуық маманы қатысып, ТМД елдері арасында ең үлкен делегацияны құрап отыр.
Конгресс бағдарламасы заманауи кітапхана ісін дамытудың негізгі бағыттарын қамтиды. Қатысушылар ұлттық кітапханалар мен библиографияны дамыту, халықаралық стандарттар мен метадеректер, каталогтаудың жаңа тәсілдері, ақпараттық қауіпсіздік және кітапхана ісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелерін талқылап жатыр.
Қазақстандық мамандар конгресс барысында кітапхана саласындағы озық халықаралық тәжірибемен танысып, заманауи стандарттар мен технологияларды зерделейді. Жинақталған тәжірибені алдағы уақытта еліміздің кітапхана ісін дамытуда пайдалану көзделген.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
