Қазақ әдебиеті мен өнері қара жамылды. Бүгін халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Көрнекті ақын, драматург, копозитор, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері Мұхтар Шаханов – өзінің саналы ғұмырын қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға арнады. Ақынның оқыған, тыңдаған адамның жігерін жанитын отты жырларын бірнеше буын өкілі жатқа айтып өссе, өзі шығарған және сөздеріне жазылған лирикалық, патриоттық тамаша да танымал әндер – сахнаның, той-жиынның көркін ашып, көңілдерге қонақтаған әуендер болуымен ерекшеленді.
Желтоқсан шындығын Кремль қабырғасында әлемге жар салған батыл да батыр халық қалаулысы болған Мұхтар Шахановтың күрескерлік өмір жолы Арал-Балқаштың, ана тілінің тағдырымен, өзге де ел мен жер тағдырына байланысты проблемалармен астасып өрілді. Тәуелсіз Қазақстанның нығаюына үлкен үлесін қосқан қайраткер, бауырлас қазақ-қырғыз халықтарының арасындағы дипломатиялық әрі рухани елші бола білді.
Посткеңестік елдерден өзге, әлем халқына да оның есімі етене таныс болды. Шығармалары әлемнің елуден астам тілінде жарық көрген.
Қош, қазақтың өршіл рухты қайсар тұлғасы.
«Qazconent» АҚ, «Әдебиет» порталы ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, қалың оқырмандарына, барша халқымызға көңіл айтады.
