Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
ҚР Қарулы Күштері туралы сан-деректер...

10.05.2024 1256

ҚР Қарулы Күштері туралы сан-деректер 6+

ҚР Қарулы Күштері  туралы сан-деректер - adebiportal.kz

ҚР Қарулы Күштері – Қазақстанның тәуелсіздігін, шекарасын қорғайтын, алуан мақсаттағы құрылым. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері туралы сан-деректер сөйлесін:

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 1992 жылы 7 мамырда құрылды.

ҚР Қарулы Күштері мынадай тараулардан құралған:

  • Құрлық күштері
  • Әуе қорғаныс күштері
  • Әскери-теңіз күштері
  • Десанттық шабуылдау әскерлері
  • Арнайы операциялар күштері.

ҚР Қарулы Күштерінің Басшылығы

- ҚР Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы – ҚР Президенті Қ.Тоқаев

- Қорғаныс министрі – генерал-полковник Р.Жақсылықов

Бас штаб бастығы – генерал-лейтенант С.Камалетдинов

ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызмет жасы – 18-27 жас

Әскери қызметке шақыруы – 12 ай (жедел қызмет)

24 ай (әскери қызмет өткермеген запастағы офицерлерді шақыру

Әскери қызметке қатынасушылар (15-49) – 3758255 (ер), 3822844 (әйел) 

Әскери қызметке жарайтындар – 6683865 (17-49 жас)

ҚР Қарулы Күштерінің белсенді құрамы – 70000-75000 адам

Қор құрамы – 135000 адам

ҚР Қарулы Күштерінің шығындары:

ҚР Қарулы Күштерінің жылдық бюджеті – 972 млрд. теңге (2,2 млрд. АҚШ ) (2024)

ҚР Қарулы Күштері жылдық бюджетінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі – 0,95 пайыз

Қазақстанның Қарулы Күштері – ҚР әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.

Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.

ҚР Қарулы Күштерінің міндеті: агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау («ҚР қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңы, 5-тарау, 18-тармағы)

Республика Қарулы Күштерiнің  бейбiт кезеңде орындайтын негiзгi мiндеттері:

- әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;

- әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу; 

- маңызды әскери нысандарды күзету;

- елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу; 

- халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.

ҚР Қарулы Күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 

ҚР Қарулы Күштері Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған.

- «Астана» өңірлік қолбасшылығы. Оған Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекарасында орналасқан. Қолбасшылық штабы Қарағанды қаласында орналасқан.  

Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағынысты бөлімдер мен Әуе қорғанысы күштері әскерлерінен басқа аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

 - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы қаласында орналасқан.

- «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Атырау қаласында орналасқан. Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Тараз қаласында орналасқан.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері рейтинг бойынша әлемнің алғашқы алпыс елінің қатарына кіреді. ҚР Қарулы Күштері Қазақстан Республикасының бейбіт аспанын, ұлан-байтақ құрлық, теңіз, өзен-көлдер арқылы өтетін су жолы шекарасын сенімділікпен қорғаушы күш. Азат елдің Қарулы Күштері жыл өткен сайын нығайып, жетіліп келеді.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар