Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Құқық қорғау қызметкерлері қазақ тілін үйренуде...

20.10.2022 1151

Құқық қорғау қызметкерлері қазақ тілін үйренуде

Құқық қорғау қызметкерлері қазақ тілін үйренуде - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қабаның айтуынша соңғы жылдары қазақ тілін үйренуге деген құлшыныс артқан.

Тіл үйренуге деген сұраныстың жоғарылауын қазақ тілін үйрететін жекеменшік орталықтар мен курстар санының артқанынан байқауға болады.

Республика аумағындағы Мемлекеттік тіл оқыту орталықтары да мыңдаған азаматтардың қазақ тілін тегін үйренуіне жағдай жасап отыр.

Мәселен, 2000 жылы республика аумағындағы жалғыз мемлекеттік орталық Шымкент қаласында болса, бүгінде олардың саны 111-ге жеткен. Биыл Ақмола облысының Қосшы қаласында, Атырау облысында және Жамбыл облысының Қордай ауданында орталықтар ашылғанын атап өткен жөн.

«Жалпы, 2011 жылдан бастап мемлекеттік орталықтар арқылы 692 390 адам қазақ тілін  курстарынан өткен. Оның ішінде 343263 (54,6%) этнос өкілдері», - дейді Әділбек Қаба.

Тіл оқыту көрсеткіштері былтыр Қостанай, Түркістан, Алматы облыстарында жоғары болған.

Өңірлердегі этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептер де қазақ және этнос тілдерін оқытуда. Бұл бағыттағы жұмыс Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары тарапынан жақсы ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тілді оқыту жұмысына жауапкершілікпен қарап, 4472 қызметкерін осындай курстарға жолдаған.

Халықпен тікелей жұмыс жасап, қызмет көрсететін «Қазақтелеком» АҚ да қалыс қалмай, 2399 қызметкерін мемлекеттік тілге оқытқан.

Бұл 1 жылдың көрсеткіші болғандықтан, жақсы нәтиже екенін мойындаған жөн. 

Жалпы, қазақ тілін өзім үйренемін деушілер үшін «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz», «Soyle.kz», «QazОnline», «Ana Tili»  порталдары Android пен iOS-та қолжетімді екенін атап өткен жөн.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар