Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу...

04.05.2023 1437

Ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу 14+

Ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу - adebiportal.kz

2023 жылғы 3 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған республикалық семинарда осы мәселе көтерілді.

Іс-шараның басты мақсаты мониторинг жүргізілетін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды жұмыс барысымен, мониторинг критерийлерімен таныстыру, өткен жылғы мониторинг бойынша атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасау болатын.

Бұл жөнінде Тіл саясаты комитетінің төрағасының орынбасары Гүлнәр Махақызы Ходжабергенова былай деп атап көрсетті: «Қазіргі таңда интернет-ресурс күнделікті ақпарат көзі болғандықтан, мемлекеттік тілді электрондық, интернеттік жүйеде дамытуға ерекше көңіл бөлу, тіл тазалығын сақтау бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Дегенмен кемшіліктер де жоқ емес. Осыған орай, жыл сайын Мемлекеттік бағдарламасының аясында «Ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу» жобасы іске асырылуда. Биыл мониторинг жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басқармаларының, полиция департаменттерінің, ұлттық компаниялардың (акционерлік қоғамдардың), екінші деңгейдегі банктердің, әуе компаниялары мен әуежайлардың, қоғамдық тұтыну сервистерінің, құрылыс компанияларының, жекеменшік мектептердің, туристік агенттіктердің және қоғамдық қорлардың ресми сайттарына жүргізілетін болады. Жалпы 104 мекеменің сайттары қамтылып, жұмыс мамыр айынан қазан айына дейін жалғасады. Биыл бірінші рет мониторингке еліміздегі құрылыс компанияларының, жекеменшік мектептердің, туристік агенттіктердің және қоғамдық қорлардың интернет-ресурстары қосылды».

Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, былтырғы мониторинг барысында сайттар бірнеше критерий бойынша тексерілген екен. Төмен балл жинаған 52 мекеме осы жылғы мониторинг барысында қайта қаралатын болып шешілген. Керісінше, жоғары балл жинаған мекемелер (ұйымдар) мониторингтен босатылмақшы. Олардың орнына мониторингпен қамтылмаған басқа сайттар биылғы тізімге енгізілді.

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы ресми сайттарға мониторинг жүргізудің барысына егжей-тегжейлі тоқталса, Комитеттің тіл саясатын іске асыру және тіл заңнамасын сақталуын бақылау басқармасының басшысы Рахымжанов Қайыржан Алдашұлы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы ресми интернет-ресурстардың бүгінгі жай-күйіне кеңінен талдау жасады.

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Жеңісбекқызы Айтпаева білім беру мекемелерінің ресми интернет-ресурстары туралы баяндады.

Республикалық бас қосуға мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың жекелеген жергілікті атқарушы органдардың басқармаларының, полиция департаменттерінің, екінші деңгейдегі банктердің, әуе компаниялары мен әуежайлардың, қоғамдық тұтыну сервистерінің, құрылыс компанияларының жауапты мамандары қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар