Республика күні – елдіктің асқақ рухы

Аса қызу талқылаудан соң, 1990 жылдың 25 қазаны күні 18 сағат 55 минутта Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» қабылдаған болатын. Айтуға болмаса, қабылдануы үшін үлкен ырғасуларға ұласқан бұл тарихи заң актісі – келесі жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялау жолында жасалған батыл қадам болды.

Республика күні – елдіктің асқақ рухы - adebiportal.kz

Республика күні – халқымыздың азаттыққа ұмтылған арманын айқындап, мемлекеттілігіміздің негізін бекіткен тарихи мереке. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіздікке бастар жолындағы маңызды қадам жасалды. Сондықтан бұл күннің тағылымы – елдік пен еркіндіктің қадірін терең түсіну болуы тиіс.

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікті жариялау алдындағы аса жауапты күн еді, бұл! Жер жаһанды тітіреткен алып империя КСРО-ның шаңырағы шайқалып, түтіні бықси бастаған болатын. Осындай алмағайып тұста Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі құрамындағы отаншыл да білімді, білікті азаматтар Тәуелсіздікті бейбіт жолмен алу жолындағы алғашқы қадамды жасады. Бұл – Тәуелсіздік турады декларация болатын.

Аса қызу талқылаудан соң, 1990 жылдың 25 қазаны күні 18 сағат 55 минутта Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» қабылдаған болатын. Айтуға болмаса, қабылдануы үшін үлкен ырғасуларға ұласқан бұл тарихи заң актісі – келесі жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялау жолында жасалған батыл қадам болды. Нәтижесінде халқымыз үшін мынадай орайлы мүмкіндіктер туды:

Біріншіден, Қазақстан – халықаралық қатынастарда дербес субъект ретінде танылып шығуға мүмкіндік туды.

Екіншіден, Қазақстан өзінің дербес бюджетін қалыптастыра бастады.

Үшіншіден, өз мүддесіне қайшы келетін Кеңес Одағының заңдарын тоқтатуға мүмкіндік алды.

Төртіншіден, осы арқылы ең басты құндылығымыз – ұлттық мемлекет құрудың негізі қалана бастады.

Тәуелсіздік декларациясын қабылдағаннан бір жыл екі айдан соң Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды. Тәуелсіздік декларациясы жарияланғаннан бері де отыз алты жыл  өткен екен. Бұл жылдар - өсіп-өрлеудің, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін барынша сезінудің жылдары болды. Жер шарындағы саны мол қаншама ұлттар мен халықтар тәуелсіздікті аңсап, арпалысып, қан кешіп жатқаны – бүгінгі дәуірдің шындығы. 

Қазақстан өз тәуелсіздігіне байсалды, байыпты түрде қол жеткізді. Соның алғышарты – Тәуелсіздік туралы декларация. 25 қазан біз үшін сондықтан да қымбат күн!

Республика күні – өткенге тағзым етіп қана қоймай, болашақ алдындағы жауапкершілікті сезінетін күн. Тәуелсіздікті нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ана тілімізді құрметтеу, білім мен ғылымды дамыту – әр азаматтың ортақ міндеті. Өйткені елдің қуаты оның бірлігінде, ал болашағы саналы да отаншыл ұрпақтың қолында.

Отанға деген сүйіспеншілік құр сөзбен емес, адал еңбекпен, ел игілігіне қосқан үлеспен өлшенеді. Бірлігі бекем, рухы биік халық қана жарқын болашаққа нық қадам басады.

Республика күні құтты болсын! Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын! Көк байрағымыз биікте желбіреп, Қазақстанның болашағы жарқын болғай!

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Қос қасиет

22.10.2026

1541

Той-қазына

19.10.2026

1365

Taza Qazaqstan