«Шабыт» XXVIII Халықаралық шығармашыл жастар байқауы (әрі қарай – Байқау) 2025 жылдың 18–22 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Астана қаласында өткізіледі.
ҮЗДІК ӘДЕБИ ШЫҒАРМА» (ПОЭЗИЯ) НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Тақырыбы: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған.
Байқаудың мақсаты: поэзия өнерін дамыту және жас ақындарды қолдау.
I тур
Электронды поштаға 6-8 шығарма жіберу қажет.
II тур
Барлық тапсырылған өтінімдердің ішінен қазылар алқасы ең жарқын әрі дарынды жұмыстарды таңдайды — олардың авторлары байқаудың екінші кезеңіне шақырылады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Байқауға қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған немесе осы тілдерге аударылған өлеңдер мен поэмалар қабылданады;
Жарияланған немесе жарияланбаған шығармалар қағазға басылған түрде қабылданады;
Ұсынылатын шығармалардың көлемі:
Өлеңдер топтамасы – 300 жолдан аспауы тиіс;
Поэма – 700 жолдан аспауы тиіс.
Өтінім беру шарттары:
Өтінімдер shabyt_2025@bk.ru электронды поштасына қабылданады;
6-8 шығарма жіберілуі тиіс;
Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2025 жылдың 1 қарашасына дейін;
Электронды өтінімді жібермес бұрын, барлық жолдардың бас әріппен толтырылғанына көз жеткізіңіз, сондай-ақ өтінімді 2 немесе одан да көп рет жіберу ұсынылмайды.
СЫЙАҚЫ ҚОРЫ
Қазылар алқасының шешімі бойынша байқау қатысушыларына лауреат және дипломант атақтары беріледі және келесі мөлшерде ақшалай сыйлықтар тағайындалады:
Гран-при – 3 000 000 теңге;
І орын – 1 000 000 теңге;
ІІ орын – 750 000 теңге;
ІІІ орын – 500 000 теңге.
Байқау бойынша толық мәліметпен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.
