«Сайын даланың Сайыны»

Жетісуда «Суреткер Сайын Мұратбеков» кітабының тұсауы кесілді. Жинаққа жазушы туралы әр кезеңде жазылған естеліктер, әдеби портреттік мақалалар, замандастары мен қаламдас достарының ой-толғамдары, сондай-ақ жазушының өзі әр жылдары бұқаралық ақпарат құралдарына берген әдеби сұхбаттары топтастырылған.

28

«Сайын даланың Сайыны» - adebiportal.kz

Жетісу облысында қазақ прозасының көрнекті өкілі, классик жазушы Сайын Мұратбековтің 90 жылдығы аталып өтті. Талдықорған қаласында «Сайын даланың Сайыны» атты мерейтойлық конференция ұйымдастырылып, жазушы туралы кітаптың тұсауы кесілді. 

Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев,  Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов, әдебиет және мәдениет саласының көрнекті өкілдері, Сайын Мұратбековтің жақындары мен жетісулық оқырман қауым қатысты.

Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайындағы конференцияны ашқан Ә.Жақанбаев жиналған қауымға ҚР Вице-Президенті Ерлан Қариннің мерейтойға арнаған құттықтау хатын оқып берді. Өз кезегінде Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов құттықтау сөзінде классик жазушының шығармашылығына: "ЖУСАН ИСІ" - КҮЛЛІ ҚАЗАҚТЫҢ ИСІ", - деп баға берді. Бұдан бөлек, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының, ТМД Жазушылар одағының және басқа да шығармашылық ұйымдардың құттықтаулары М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырылды.

Осы жиында облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қолдауымен жарық көрген «Суреткер Сайын Мұратбеков» кітабының тұсауы кесілді. Жинаққа жазушы туралы әр кезеңде жазылған естеліктер, әдеби портреттік мақалалар, замандастары мен қаламдас достарының ой-толғамдары, сондай-ақ жазушының өзі әр жылдары бұқаралық ақпарат құралдарына берген әдеби сұхбаттары топтастырылған.

Конференция аясында қаламгердің шығармашылығы мен әдеби мұрасы туралы баяндамалар жасалып, Сайын Мұратбековтің қазақ әдебиетіндегі орны мен көркемдік әлемі туралы сөз болды. Бикен Римова атындағы академиялық драма театрында жазушы шығармасының негізінде дайындалған «Жабайы алма» қойылымының премьерасы көрермен назарына ұсынылмақ.

Бұдан бөлек, өңірде жазушының 90 жылдығына орай кітап көрмелері, әдеби байқаулар, оқырман конференциялары, дөңгелек үстелдер т.б форматтарда 50-ге жуық шара өткізілді.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan