Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Шерағаңа арналған әдеби кеш өтті...

29.09.2025 133

Шерағаңа арналған әдеби кеш өтті 6+

Шерағаңа арналған әдеби кеш өтті - adebiportal.kz

28 қыркүйек күні Тараз қаласында қазақтың қайраткер қаламгері, көрнекті жазушы Шерхан Мұртазаның туған күніне орай әдеби кеш өтті

Шерағаңның туған күнінен орай Алматыдан арнайы келген қаламгерлер қауымы қатысқан бұл іс-шара ең әуелі облыс орталығындағы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл қоюмен басталды. Бұдан соң жазушының кіндік қаны тамған Жуалы ауданы, Талапты ауылындағы Шерхан Мұртаза атындағы мемориалды үйге келіп жетті.

Шерағаңның туған елінде өткен әдеби кешке келген құрметті қонақтар: жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Кәдірбек Сегізбайұлы, жазушы, журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жанат Елшібек, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мағира Қожахметова, ақын, жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов, публицист-жазушы Талғат Айтбай, журналист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай, ҚР Ақпарат саласының үздігі Гүлзейнеп Сәдірқызы, сыншы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әмірхан Меңдеке, жазушы, журналист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Ораз, жазушы, журналист, «Жалын» журналының Бас редакторы Құдияр Біләлдер қатысты. Сондай-ақ осынау іс-шараға Шерхан Мұртазаның қызы Алма Мұртаза да келді.

Бұл танымдық, тағылымды іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай мырза да қатысты. 

Әдеби кешке қатысушылар ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ журналистикасы мен әдебиетінде өзіндік орны бар көрнекті шығармашыл тұлға, іскер де талапшыл, тәлімгер басшы болған Шерхан Мұртазаның әріптес, аға буын өкілі ретіндегі адами бейнесі, әдебиет пен журналистикаға қосқан үлесі, шәкірттеріне берген тәлімі туралы жарқын естеліктердің тиегін ағытты.

Іс-шара барысында «Шерағаның шекпенінен шыққандар» атты жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, өз оқырмандарына жол тартты.

Кешті ұйымдастырушылар тарапынан Шерағаңның рухына бас иіп алыстан жеткен әдебиет пен журналистика өкілдеріне ілтипат көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды. Осылайша Шерағаңның сексен жеті жылдық мерейлі күні туған жерінде есте қаларлықтай атап өтілді.
Фотосуреттер Қазақстан Жазушылар одағының фейсбук парағынан алынды.


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@qcontent.kz 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар